aspan

ҚАРАУСЫЗ МАЛ МӘСЕЛЕСІМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Абай облысында қараусыз мал мәселесімен күрес жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өткен жылы Өскеменге бағытталған автожолда малдың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның екеуі қайғылы жағдаймен аяқталды.

Абай облысында бұл өзекті мәселе тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп отыр. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Жаңа Семей ауданының полиция қызметкерлері қоғам өкілдерімен, инспекция және ветеринария қызметімен бірлесіп, қараусыз мал жаю мәселесін шешуге бағытталған рейд ұйымдастырды. Рейд нәтижесінде 40 бас жылқы айыптұраққа қойылып, шаруа қожалығының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Олар – ылқылардың чиптелмеуі және таңбаланбау, қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалмауы. Барлық анықталған фактілер тиісті түрде құжатталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Бұдан бөлек, материалдар ведомствоаралық комиссияда қаралып, мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін қосымша шаралар әзірленеді. Абай облысының полиция департаменті мал иелерін жаю ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӨНДІРІСТЕГІ ӨРЕЛІ ЕҢБЕК

Телеарна ХанТВ

СОТТЫ БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАЙТА ҚЫЛМЫС ЖАСАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ФОРУМ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

БІЛІМ, БӘСЕКЕ ҺӘМ БОЛАШАҚ-ЖАС БУЫННЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Телеарна ХанТВ