-2.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КАНАЛДАР ТАЗАЛАНЫП, СУ НЫСАНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛД

Түркістан облысында көктемгі су тасқынна дайындық жұмысы күшейтіле түсті. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне су тасқынына қарсы дайындықты күшейтіп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.

Су басу қаупі бар аймақтарды түгел зерделеп, қауіпсіздікті күшейтіңіздер. Өңірдегі су қоймалар, каналдар, өзендер мен көлдер, жалпы су нысандары қатаң бақылауда болуы тиіс. Немқұрайлыққа жол берілмесін.  «Шардара» су қоймасын бақылауда ұстап, аймақтағы су нысандары бойынша бекітілген іс-шараларды жүйелі атқарыңыздар, – деген Нұралхан Көшеров аталған мәселеге байланысты аудан, қала әкімдері мен жауапты құрылым басшыларының есептерін тыңдады. Нақты міндеттер жүктеді.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешевтің айтуынша,  бүгінгі таңда «2024-2025 жылғы қыс-көктемгі су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар» жоспарының 28 іс-шарасы толығымен аяқталып, 3 іс-шара бойынша жұмыстар жалғасуда.  Аяқталған 28 іс-шараның нәтижесінде 68,2 шақырым қашыртқы арналар механикалық тазалаудан өткен. Келес ауданында арық-атыздың 14 шақырымы қоқыстан тазартылса, Сарыағаш қаласында каналдардың 350 метрі бетондалған. Сайрам ауданындағы Арыс өзенінде  500 метр арнаны түзету жұмыстары жүргізіліп, Сауран, Отырар аудандарында 5 тоспа орнатылған. Атқарылған жұмыстар бүгіннің өзінде жоғары нәтижесін беруде.

Мәжілісте «Қазсушар»  РМК   Түркістан  филианың директоры Қазыбек Бедебаевтың да баяндамасы тыңдалып, су нысандарына қатысты жобаларды уақтылы әрі сапалы атқару жөнінде ұсыныс берілді. Айта кетейік, облыста көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу

Related posts

ТАРАЗДА БАЛАЛАР АРБАСЫНАН ӘМИЯН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: «ЕЛІНЕ ТІРЕК, ЕРІНЕ СҮЙЕНІШ БОЛҒАН АНАЛАР»

admin

Полиция жалған нотариустың алаяқтық әрекетін әшкереледі

admin