20.3 C
Shymkent
29 мая, 2026
aspan

КӨШЕЛЕРДЕГІ ЖОЛ АҚАУЛАРЫН АНЫҚТАДЫ

Полиция Павлодар көшелеріндегі жол ақауларын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодар облысының әкімшілік полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көшелер мен жолдарды тексеріп, кезекті рейд жүргізді. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңірдегі жол қауіпсіздігін арттыру, жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында ұйымдастырылды.Тексеру нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Ломов, Катаев, Амангелді, Қамзин, Ворушин, Циолковский көшелері және Кіші айналма жолдың бойында қарды тазалау бойынша бірқатар кемшіліктер анықталды. – Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы  мекемесіне ақауларды жою туралы ұйғарым жолданды, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті. Сонымен қатар полиция қызметкерлері егер заңда көрсетілген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаса, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру – ішкі істер органдарының басты міндеті. «Заң және тәртіп» қағидаты құқық қорғау органдарының негізгі ұстанымы болып қала береді. Ол құқық бұзушылық жасаған кез келген тұлғаның жауапкершіліктен қашып құтыла алмайтынын дәлелдейді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҮШ ҚАБАТТЫ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ОТҚА ОРАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ТҰРҒЫННАН ЕСІРТКІ МЕН ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ЗАДАЧИ ПРОКУРАТУРЫ – ЗАКОН И ПОРЯДОК

Телеарна ХанТВ