aspan

ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БОЙЫНША БИЫЛ 160-ТАН АСТАМ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

ТYркістан облысында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары күшейтіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл қорытындысымен барлық елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарланған. Газдандыру, сапалы жарықпен және кәріз жүйесімен қамту бойынша жұмыстар қатаң бақылауда. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың инфрақұрылыммен қамтылуы маңызды. Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары сараланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарға қатысты жауапты басқарма мен коммуналдық мекемелердің басшыларына және аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Сын-ескертпелер айтып, жұмысты күшейтуді тапсырды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстардың барысы және өзекті мәселелерді баяндады. Биыл бұл салада 160-тан астам жаңа нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Іске асырылатын жобалар бойынша нақты жоспар бекітілгенін баса айтты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығында “Науқастар мектебі” ашылды.

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

admin

Шекарашылар адам өмірін құтқарды

Телеарна ХанТВ