25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Түркістан облысында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы жауапы басқарма басшысы мен әуежай басшылығына жаңа рейтер ашу, әуежайдың әлеуетін көтеру жөнінде тапсырмалар берді.

 Облыс әкімі Н.Көшеров жауапты сала мамандарына жұмысты ширатуды және жан-жақты зерттеу жасап тиімді әріптестік орнатуды талап етті.Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев авиация саласын дамыту жолдары мен өзекті мәселелері туралы ой қозғады. Бүгінде бірнеше әуе компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Ішкі және халықаралық рейстердің санын көбейту көзделіп отыр.

 Айта кетейік, ішкі туризмді дамыту мақсатында Қостанай –Түркістан және Қарағанды – Түркістан бағыттары бойынша Түркістанға субсидияланатын әуе рейстері ашылады. QAZAQ AIR әуе компаниясы әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай – Түркістан бағыты бойынша рейсті іске қосты. 13 қаңтардан бастап Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша да әуе рейсі ашылмақ. Сондай-ақ 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарланған

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУДЫҢ 450-ДЕН АСТАМ ЖАЙТЫН АНЫҚТАДЫ

Телеарна ХанТВ

БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАНДАНАДЫ

Редактор HAN TV