Мемлекет басшысы Қ -Ж.Тоқаевтың жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы» мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Бұл бастама елдегі еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға,олардың еңбегін бағалауға және қолдауға бағытталған. Осы бағыттар аясында елімізде жыл басынан бері тың жұмыстар атқарылып жатыр. Жұмысшы мамандар дайындайтын ЖОО мен колледждерге баса назар аударылуда. Биылғы жыл жұмысшылар жылы деп жарияланған кейін Шым шахарда орналасқан Жол көлік колледжінде жоспар түзіліп, жыл басынан бастап қарқынды жұмыстар жүргізіле бастады. Білім ордасында оқытушылары президенттің жолдауымен студенттерді арнайы медиа залында таныстырды.Техникалық мамандықтарға баса мән бергенін тілге тиек ете отыра, студенттерге жан-жақты мәселелерді қамтып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ жағымды жаңалық биылғы жылдан бастап колледжерде техникалық мамандықтарға грант саны көбейіп, сала мамандарына сұраныс артады.
Колледждің оқу-өндірістік базасы заманауи жабдықтармен жабдықталуы бүгінгі күннің талабы. БАҒДӘУЛЕТ БЕРКІНБАЙ жол көлік колледжінің 2 курс студенті. Ол бұл мамандыққа қызығушылықпен келген. Қазіргі таңда ол тек теория жүзінде білім алып қоймай , іс тәжірибеден өтуде. Ал, елімізде АЭС салынуы мәселесіне зқарасы оң.