28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЕСЕПТЕГІ АЗАМАТ МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕНІ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

«Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде Жуалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқық қорғау органдарында есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аралап, 144 адамды тексерді.  Бірқатар қоғамдық тәртіп пен белгіленген шектеулерді бұзу деректері анықталды  Атап айтқанда, сотпен ерекше талаптар белгіленген аудан тұрғыны мас күйінде рульге отырған. Ер адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (көлік құралын алкогольдік мас күйінде жүргізушінің басқаруы), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамау) бойынша жауапқа тартылды. Белгіленген шектеулерді есептегі тағы екі тұрғын бұзды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 449-бабы бойынша «нашақор» санаты бойынша есепке қойылған тұлғалар жауапкершілікке тартылды. «Есептегі элемент» облыс аумағында қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау және профилактикалық есепке қою, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша одан әрі тексеру мақсатында жүргізіледі.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Владимир Ли Қазақстанның даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды

admin

Шымкентте бизнес және экономика министрлігінің өкілдері кездесті

Телеарна ХанТВ

Алматыда 1 мың шақырымнан астам таулы бағыттар цифрландырылып, 750 шақырымға жуығы абаттандырылды

Телеарна ХанТВ