aspan

МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ТҰРҒЫНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛУДЕ

2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңге қарастырылды. Ол көмекті алушылар саны шамамен – 5 млн адам.Сонымен бірге Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті. Бұл қолдаулар демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысының тұрғындарына да оң әсерін тигізбек.

Өңірде мемлекеттік міндеттемелерді орындау, әлеуметтік қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласында тиісті шаралар қолға алынған.Әсіресе, жұмыспен қамтуға басымдық берілген.  2024 жылы 216 мыңнан аса адамды түрлі әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 12,2 млрд теңге бөлінді, 46,7 мың баланы қосымша әлеуметтік төлеммен қамтамасыз ету жоспарланған.Өңірде жұмыс орындарын ашу,  тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық берілуде.  Әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік қолдаулар тұрақты көрсетілуде,  – дейді Бейсенбай Тәжібаев.

Түркістан облысында 99 800 мүгедектігі бар адам есепте тұр. Ол республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14%-ын құрайды. 2024 жылы облыста мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін  барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 17,1 млрд теңге бөлінген. Қаралған қаржылар есебінен 67 мыңға жуық техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылды. Бұл мақсатта 2025 жылы 13 млрд теңге қаржы қарастыру жоспарланып, қажеттілікті толығымен орындау күтілуде.Түркістан облысында 220 мыңға жуық зейнеткер тұрады.  Жыл сайын 8 мыңдай зейнеткер сауықтыру орындарында демалыспен қамтылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ