-2.7 C
Shymkent
14 марта, 2026
aspan

ТАҒЫ БІР ІРІ ӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛЫНБАҚ

 Түркістан облысында тағы бір ірі өндірістік кешен салынады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін инвесторлармен кезекті кездесу өткізіп, жаңа жоба барысын жан-жақты талқылады. Нәтижесінде, облыс әкімдігі мен Qingdao Wanlin Food Co азық-түлік компаниясы басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

   Келісім аясында көкөніс базасы Түркістан облысындағы индустриалды аймақта орналасады. Онда көкөніс кептіретін, яғни пияз және сарымсақтан өнім түрлері мен биологиялық белсенді қоспалар және мал азығын шығаратын өндірістік кешеннің құрылысы жоспарланған. Жоба құны $30 млн құрайды. Дегидрленген көкөніс зауыты бар замауани кешен құрылысының бірінші кезеңінде 50 мың тонна дайын өнім өндіріледі.
Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестік білдіріп, инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.

Wanlin Group 1991 жылы құрылған, компания қарттарға күтім жасау және азық-түлік өндірісі секілді екі негізгі бағытта жұмыс істейді. Компания Nestle, Unilever, Kerry және т. б. ірі серіктестермен жұмыс істейді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ  ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСЫНДАҒЫ «БАЛДӘУРЕН» САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ ДЕМАЛУҒА КЕЛДІ

Телеарна ХанТВ

ЖАЗҒЫ АС ҮЙДЕ БІР ҚАП МАРИХУАНА САҚТАҒАН ШУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖҮЛДЕМЕН ҚУАНТҚАН ЖЕҢІС!

Телеарна ХанТВ