25.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

«CYBERPOL» АРНАЙЫ ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Абай облысында «CyberPol» арнайы тобы құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Цифрлық қылмыстар заманауи шешімдерді талап етеді. Абай облысы полиция департаментінің негізінде интернет-алаяқтықпен күреске арналған мамандарды біріктірген «CyberPol» арнайы тобы құрылды. Бұл бастама ПД және Alikhan Bokeikhan University қолдауымен жүзеге асырылды.

«CyberPol» Семей қаласындағы Затон полиция бөлімшесінің ғимаратында орналасқан және «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мұнда азаматтардың арыздары қабылданып, жедел тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталады. Мұндай формат ұрланған қаражатты қайтару процесін айтарлықтай жеделдетеді.2024 жылдың шілдесінен бастап интернет-қылмыстармен күресуге нақты уақытта күмәнді аударымдарды бұғаттап, жалған онлайн несие беру және басқа да алаяқтық әрекеттерді болдырмайтын Ұлттық Банктің Антифрод орталығы көмектесуде. «CyberPol» арсеналында қылмыскерлерді фото және бейнематериалдар арқылы анықтауға мүмкіндік беретін «POLIFACE» бағдарламасы да бар. Қазіргі уақытта бұл жүйенің көмегімен 25 іс ашылды. Бүгінде киберқылмыстар жиі кездеседі, бірақ заманауи технологиялар мен «CyberPol» сияқты арнайы бөлімшенің қатысуымен азаматтарды қорғау әлдеқайда тиімді болуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ КАЛЬЯН ТҰТЫНҒАН 82 ТҰРҒЫНҒА ШАРА ҚОЛДАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕСЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ЖОҚ

Телеарна ХанТВ

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ КЕҢЕЙТІП, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

Телеарна ХанТВ