0.3 C
Shymkent
10 января, 2025
aspan

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН 14 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Вануату астанасы Порт-Вила қаласында 7,3 балдық жер сілкінісі болды. Кемінде 14 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақат алды. Жер сілкінісі сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:47–де болды. Төтенше жағдайларды басқару үкіметінің мәліметінше, Порт Вилада кем дегенде 10 ғимарат зақымданған. Жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер электр қуаты мен ұялы телефон байланысының үзілуіне себеп болды.

Вануатудағы іскерлік кеңесінің төрағасы Глен Крейг бір ғимарат ерекше зақымданғанын, онда бірнеше елшіліктер, соның ішінде АҚШ елшілігі мен Ұлыбританияның жоғарғы комиссиясы орналасқанын айтты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, түнде бірнеше рет жер сілкінісі болып, көшкіннің жүруіне себеп болған. Алты адам көшкіннен қаза тапты, тағы төрт адам жер сілкінісі кезінде құлаған ғимаратта болған. Зардап шеккендер саны артуы мүмкін. Құтқарушылар жер сілкінісі салдарынан ғимараттарда қалып қойған адамдарды шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр

 

Related posts

ШЫМКЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕННИС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

admin

ҚЫСҚЫ ОҚУ КЕЗЕҢІНІҢ БІРІНШІ АПТАСЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

КЕЛЕС АУДАНЫ: ЖЫРЫ БІТПЕГЕН КӨШЕ

admin