-2.7 C
Shymkent
14 марта, 2026
aspan

ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Шымкентте дзюдодан жасөспірімдер арасында турнир өтті. Жарысқа мегаполистегі спортты жанына серік еткен 200-ден астам спортшылар өзара бақ сынасты. Жастар арасында өткен бұл жарыс дзюдо федерациясы мен «Строй сити» компаниясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.Шымкентте дзюдодан жасөспірімдер арасында турнир өтті. Жарысқа 200-ге жуық жас спортшы қатысты. 2011-2014 жыл аралығындағы  жасөспірімдер арасындағы турнир жас балуандардың дайындығын пысықтау және тәжірибелерін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

 Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған бұл турнирге «Строй Сити» ЖШС-і мұрындық болып отыр. Олар осы арқылы жастар арасындағы спортты насихаттап қана қоймай, елімздің абыройын асқақтатар болашақ ел чепиондарына дайындау дейді.

1 күнге жалғасатын жасөспірімдер арасындағы бұл турнирге бас аяғы 200-ден астам спортшылар қатысты. Олар 5 кезең бойынша өз ара жүлделі орындарды сарапқа салатын болады. Ал, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында бұндай спорт түрлері алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

3 700-ДЕН АСТАМ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Телеарна ХанТВ

  2025 ЖЫЛҒЫ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫ ФИНАЛЫ АЯҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІН ҚАЛАЙ КӨБЕЙТЕСІЗДЕР?

Телеарна ХанТВ