aspan

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысындағы бизнес ахуалды талқылау мақсатында облыс орталығында өңір кәсіпкерлерімен ауқымды кездесу ұйымдастырылды. Оған  облыс әкімі Дархан Сатыбалды, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының басшылары қатысты.

 «Ашық әңгіме» барысында әрбір қатысушы өзін алаңдатқан сауалына жауап алып, бизнес-диалог орнатты. Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар дамыған Түркістан өңірінде кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалған. Онда тау-кен-металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіру, текстиль кластері,полимер бұйымдарын өндіру, алюминий профилдерін шығару зауыттары салынуда. Аудандарда 14 индустриалды аймақ құрылды. Сондай-ақ шағын өндірістік паркте кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттар жеңілдетілген шарттармен ұсынылады. Паркте 150-ден аса өндірістік алаңдар құрылады. Облыс әкімі осы мүмкіндіктерді пайдаланып, Түркістан өңірінде бизнес ашуға шақырды.

Кәсіпкерлерге несиелерді қолжетімді ету үшін банктердегі несиелердің пайыздық ставкасын субсидиялауға биыл бюджеттен 16,2 млрд. теңге бөлінген. Өңір кәсіпкерлері осы қаржы институттары арқылы 91,5 млрд. теңгеге несие алған. Өңірде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 263 млрд. теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 600 жұмыс орындары ашылған.

Алдағы уақытта облыс экономикасына тың серпін беретін 2,5 трлн. теңгеге 145 инвестициялық жобаны іске асырылады. Нәтижесінде 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 23,0 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛУДЕ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

ҚОРҚОР ШЕККЕНДЕР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУДА

Телеарна ХанТВ