5.3 C
Shymkent
15 декабря, 2024
aspan

ЕҰУ ғылыми әзірлемелер мен идеяларды коммерцияландыру үшін гранттар тағайындады

Тәуелсіздік күні қарсаңында ЕҰУ коммерцияландыру әлеуеті бар үздік жобалар байқауының жеңімпаздары – ғалымдарға университеттің «Жаңа асу» грантын берді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми-зерттеу университетіне айналуын жалғастырып, бұл үрдісті ынталандыру үшін қолданбалы зерттеулер жүргізуге, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге және оларды коммерцияландыруға ерекше көңіл бөлуде.

2022 жылы университет жыл сайынғы «Жаңа Асу» грантын тағайындады.

Биыл байқауға университеттің үш мыңнан астам оқытушылары, докторанттары мен постдокторанттары қатысты. Университеттің Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, белгілі кәсіпкер және инвестор Талғат Дюсеков басқарған комиссия жалпы құны 84 миллион теңгені құрайтын 10 жобаны анықтады.

2024 жылғы жеңімпаздарға гранттарды тапсыру рәсіміне университеттің танымал ғалымдары, басшылығы мен оқытушылар құрамы, бизнес-серіктестері қатысты.

 «Қазір отандық ғылымның алдында ғалымдардың инновациялық әзірлемелерін коммерцияландыру және оларды экономикаға енгізу бойынша өте маңызды міндет тұр. Мемлекет басшысы ғылымның дамуына зор көңіл бөледі, тек қаржылық қана емес, сонымен қатар ғылым мен ғалымдарды жан-жақты қолдау да ұдайы артып келеді. Бұл үлкен ортақ міндет, сондықтан екі жыл бұрын ЕҰУ зерттеушілеріне жәрдемдесу үшін «Жаңа Асу» грантын құрды. Биылғы жылы байқауға 36 жоба қатысып, оның 10-ы үздік деп танылды. Бұл энергетика, микробиология, экология және басқа да салалардағы жобалар. Әрі қарай біз бизнес-идеяларды, коммерцияландыру перспективалары бар жобаларды ілгерілету үшін және ғалымдарды пәрменді қолдау үшін барлық жағдай жасаймыз», деп атап өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы-ректоры Ерлан Сыдықов.

ЕҰУ ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева екі жыл ішінде «Жаңа Асу» гранты ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қолдаудың табысты құралы болып, нақты коммерциялық әлеуеті бар жобаларға қолдау көрсете отырып, университет өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.

 «Бастапқыда 3 миллион теңгені құраған бұл гранттың кейбір алғашқы иегерлері бүгінде 150 миллион теңге табыс деңгейіне жеткені қуантады. Менің ойымша, бұл факт ғылымды қажет ететін бизнесті қалыптастыруға ең аз инвестициялардың да жоғары нәтижелілігін айқын көрсетеді. Отандық ғалымдар мен олардың әзірлемелерінің әлеуетіне сену керек», — деп атап өтті проректор.

Жаңа грант иегері, ЕҰУ механика-математика факультетінің докторанты Айдана Кәріпова жасөспірім қыздарға арналған «Sezin» мобильді қосымшасын әзірледі.

«Бұл еліміздегі қазақ тіліндегі алғашқы мобильді қосымша. Онда қыздардың жеке дамуына бағытталған білім беру мазмұны бар (электрондық кітапхана, онлайн оқыту курстары, сұлулық блогы, лайфхактар ​​және т.б.). Мен осы жобаға авторлық құқық патентін бір жарым жыл бұрын алдым. Қолданба жасау идеясы бала кезімде, мектепте оқып жүрген кезімде пайда болды. Мен интернеті әлсіз, кітапханасы онша бай емес ауылдық мектепте оқыдым. Сонда мен қыздарға мұндай ақпараттық қолдаудың қаншалықты қажет екенін өз көзіммен сезіндім. Менің мақсатым – кез келген қиындыққа тап болған әрбір қызға көмектесу, қолдау көрсету», — деп бөлісті докторант.

Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ экология кафедрасының 3 курс докторанты Медет Ахтаев көміртегі шығарындыларын азайту және отынды үнемдеу үшін сутегі отын генерациялау жүйесін енгізу бойынша бірегей ғылыми жобамен айналысуда.

«Біз бұл идеяны екі салада сынап көрдік. Жобаның бірегейлігі сол, әлемдік аналогтар жаңа жабдықтарға арналған болса, біздің әзірлемелерді отандық өндірістегі қазіргі дизельдік жабдыққа енгізуге болады. Болашақта жоба Қазақстанның ауыр өнеркәсібіне үлкен пайда әкеледі»,деп түсіндірді жоба авторы.

Байқауда жеңіске жеткен басқа жобалар:

— Азат Нұрқасимов, Физика-техникалық ғылымдар институтының (ФҒЗИ) докторанты. Жоба: «Оң температуралық коэффициенті бар полимерлі композит негізіндегі отандық өзін-өзі реттейтін жылу кабелін өндіру технологиясын құру».

— Нұргүл Ықсат, жаратылыстану факультетінің докторантурасының ғылыми қызметкері. «Ауыл шаруашылығы дақылдарының вирустық ауруларын диагностикалаудың РНҚ технологияларын әзірлеу және зерттеу» жобасы.

— Дәурен Балтабай, механика-математика факультетінің оқытушысы. «Әртүрлі мақсаттағы робот-манипуляторлардың 3D үлгілерін жасау және бағдарлама жасау» жобасы.

— Арай Есейқызы, экономика факультетінің докторанты. «Daneqer» жобасын басқаруға арналған бағдарламалық модельдеу ойыны» жобасы.

– Гүлнәр Исмағұлова, филология факультеті кафедрасының профессоры. «Күміс университетінде өмір бойы оқыту немесе бейресми оқыту» жобасы.

— Салтанат Бектұрғанова, Инновациялық даму департаменті Бизнес-инкубатордың бас маманы. «ЕҰУ инновациялық экожүйесі» жобасы – Гумилев атындағы ЕҰУ Инновациялар және кәсіпкерлік орталығының цифрлық платформасы».

– Серікзат Дүйсенғазы, филология факультетінің деканы. «Танымал шетелдік музыкалық шығармалардың мәдениетінің қазақ тілінде жаңғыруы: ән мен тіл тоғысы» жобасы.

— Татьяна Кошман, тарих факультетінің аға оқытушысы. «Обелисктегі естелік» жобасы.

Related posts

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНЕ 25 ЖЫЛ!

Телеарна ХанТВ

107 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ ГАЗҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ПАЛЕСТИНАЛЫҚТАР ГАЗА ҚАЛАСЫНА ОРАЛЫП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

Байланыс

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізге жақын арада хабарласамыз!
Кері қоңырау шалу сұрауы жіберілді! Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Кері қоңырау шалу сұрауын жіберу қатесі! Қайталап көріңіз!
Write a email to us!
Email sent! We will contact you soon.
Error sending email! Please try again!