-2.7 C
Shymkent
13 декабря, 2024
aspan

ТЫНЫШТЫҒЫ КЕТКЕН ТҰРҒЫНДАР

 Шымкентте жағымсыз иіспен дарылдаған дауыстан әбден мезі болған бір топ тұрғын шу шығарды. Айтуларынша, айдын күннің аманында не күндіз, не түнде дұрыс тынығудан қалдық деп ашынады. Оған бірінші қабатта орналасқан «Ладушки»  кондитерлік дүкенінен келетін жағымсыз иіспен күндіз-түнді дарылдаған дыбыс себеп болыпты.

Аты дардай Нұрсұлтан Назарбаев таңғылының бойында орналасқан нөмері 32 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарынан маза кеткелі бірнеше жылдың жүзі болған. Соңғы уақытта олар баспанасында емін-еркін жүріп тұру былай тұрсын, түнде де дұрыстап тыныға алмайтын хәлге жетіпті. Оған біріші қабатта орналасқан «Ладушки» кондитерлік дүкенінен келетін жағымсыз иіспен күндіз-түні  үздіксіз қосылып тұрған құрылығы себеп болыпты.

 Базынасын айтқан бұқараны алаңдатқан жалғыз бұл мәселе ғана емес. Тұрғындардың айтуынша, кондитерелік дүкен кәріз құбырын дәл осы көпқабатты тұрғын үйдің алдынан жүргізіпті. Ала жаздай кәріз исіне тұншықтық деген тұрғындар қыстың көзі қырауда да жағымсыз иістен құтыла алмағандарын айтып жыларман күйде.

Тұрғындарды алаңдатқан мәселе бойынша Шымкент қалалық Санитарилық-Эпидемиологиялық бақылау департаментіне сұрау салдық. Сала мамандары жергілікті тұрғындардан әзірге ешқандай арыз-шағым түспегенін айтады. Алайда, олар иіспен дарылдаған дыбыс тиісті нормадан аспауы керек екен айтады.

 

 

Related posts

Қазақстанның сұлу боксшысы Тайландта жұлдызға айналды

admin

МӘСЛИХАТҚА 30 ЖЫЛ!

Телеарна ХанТВ

РЕФЕРЕНДУМДА ЕҢ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Телеарна ХанТВ