aspan

МАЛ ҰРЛЫҒЫН КӘСІП ЕТКЕН ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылордада мал ұрлығымен айналысқан үш адамнан тұратын топ ұсталды. Олардың есебінде мал ұрлығының жеті эпизоды бар.

  Полицейлер оларды кезекті қылмыс жасап, «ізін суытпақ» болған кезде қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі ірі қара мал күдіктілерден заттай дәлелдеме ретінде алынып, қайтарылды. Тергеу барысында күдіктілердің еркін жайылымда қараусыз жүрген малдарды жасырын ұрлап, ГАЗель автокөлігімен тасымалдағаны анықталды. Мал ұрылары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Телеарна ХанТВ

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Телеарна ХанТВ

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ