31.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

«ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ӨКІЛДЕРІ СУ РЕСУРСТАР МАРКЕТИНГІНДЕ»

Су ресурстары-Маркетинг жауапкершілігі шектеулі  серіктестігіне дүниежүзілік банк өкілдері келді. Ұлттық жоба аясында су ресурстар маркетингінің жұмысымен танысып,тәжірибе арқылы басқа қалалардың су арналарына енгізу жоспарланды.

Сапардың мақсаты Ұлттық жоба негізінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту.Базалық инфроқұрылымға инвестиция салу.  Тиімді менеджмент пен қаржы құралдарын зерделеу болып табылады. Сондай-ақ цифрландыру мен автоматтандыруға, су балансын бақылауға, гидравликалық модельдеуге, ағынды суларды тазарту мен қайта пайдалануға және т. б. міндеттерді жүзеге асырады.

 2022 жылдан бастап сарқынды суларды толық тазартуды қамтамасыз ету, Бөржар жинақтағышының акваториясындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары хлорелла микроорганизмін қолдана бастады. Тазартылған ағынды сулар техникалық дақылдарды суаруға кетеді және фермалар мен кооперативтердің дамуына ықпал етеді. Тұтастай алғанда, Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру саласы өндірістік процестерді автоматтандыру мен цифрландыруды қажет етеді.Дүниежүзілік банктан келген сарапшы мамандар мұндай  қарқынды жұмысқа таңдана қарады. Алдағы уақытта Дүниежүзілік банк өкілдері мен сарапшылары, су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандарымен  жұмыс жүргізетінін алға тартты.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте төрт күнде 5 368 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Телеарна ХанТВ

ТЫНЫШТЫҒЫ КЕТКЕН ТҰРҒЫНДАР

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БАҒАСЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ӨЗГЕРТІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ