9.3 C
Shymkent
17 февраля, 2026
aspan

КӨТЕРІЛІСШІЛЕР ХАМА ҚАЛАСЫН БАСЫП АЛДЫ

Сирияда көтерілісшілер Хама қаласына кірді. Үкімет әскері оппозиция күштерімен қақтығыстан соң кейінге шегінген. Өткен аптада олар Алеппо қаласын уысынан шығарып алды. Хама Сирияда 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері үкімет күштерінің бақылауында болған еді.

Көтерілісшілер қаладағы түрмеден жүздеген жақтасын бостандыққа шығарып жіберген. «Әл-Жазира» телеарнасы көтерілісшілердің бейбіт тұрғындармен кездесіп, Хама көшелерінде әскери көлік мініп жүргенін көрсетті. Сирия армиясы бастапқыда қаланы көтерілісшілер бақылауға алғанын жоққа шығарғанымен, кейін мұны растады. Екі қаланы басып алған оппозиция күштері оңтүстік бағытта Дамаскіге қарай жылжып барады. Сирияда кең ауқымды азаматтық соғыс отының қайта тұтануы Таяу шығыс өңірін одан әрі тұрақсыздандыра түсуі мүмкін.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚР ҚК МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ: АҒАШ ӨҢДЕУДІ ОҚЫТУ

Телеарна ХанТВ

Астанада бір күн бұрын жол жөндеушімен болған оқиғаға полиция әрекет етті.

admin

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар қабылдауда

Телеарна ХанТВ