aspan

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚАРҚЫНДЫ

 Шымкентте қала прокурорының төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша Үйлестіру кеңесі өтті. Алқалы жиында қала прокуроры Ғабит Мұқанов құқық қорғау және әкілетті органдардың  назарын профилактикалық шаралар қолдануды күшейтуді және кез-келген құқық бұзушылықтарға «Нөлдік төзімділік» принципін қамтамасыз етуге аударды.

Құқық қоргау органдарының сөзінше құқық бұзушылық пен қандай да бір қылмыстың орын алуының негізігі себебі – жұмысыздық дейді. Осы тұста жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтуға, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидке және балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ заңсыз есірткі саудасымен күресуге ерекше назар аударылып отыр.

 Дағдарыс жағдайында жүрген студенттерді дер кезінде анықтау үшін білім беру ұйымдарына психологтардың жұмысын қайта қарау тапсырылды. Есірткі саудасымен күрес тек құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екені атап өтілді.

 Үйлестіру кеңесінде құқық бұзушылықпен күрестегі жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін коммуналдық қызметкерлер мен студенттік жастар өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді. Жиын соңында қала прокуроры қорытындылай келе көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖОБАСЫ АЯСЫНДА  177 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ ЖОЛДАРЫ, АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

БИЫЛ  1,3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АҒАШ ЕГІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ