20.3 C
Shymkent
29 мая, 2026
aspan

ПРЕЗИДЕНТКЕ ҚАРСЫ ИМПИЧМЕНТ ПРОЦЕДУРАСЫ БАСТАЛДЫ

Оңтүстік Кореяда оппозициялық депутаттар президент Юн Сок Ёльға қарсы импичмент процедурасын бастады. Бұл туралы заң жобасы бірнеше сағат бұрын парламентке ұсынылып, дауысқа салынбақ. Егер импичмент қабылданатын болса, Юн қызметін дереу тоқтатып, президент өкілеттігі үкімет басшысының қолына өтеді.

Айта кетсек, сейсенбі күні Юн Сок Ёль елде әскери жағдай жариялап, парламент пен саяси партиялардың қызметіне тыйым салды. Оның мәлімдеуінше, мұндай режим елді «коммунистік күштерден», Солтүстік Кореядан және «мемлекетке қарсы элементтерден» қорғау үшін қажет болған. Дегенмен арада бірнеше сағат өткенде оппозициясы басым парламент бұл шешімге қарсы дауыс беріп, әскери жағдайдың күшін жойды. Соңғы мәліметке қарағанда, президент кеңсесінің бірнеше кеңесшісі мен қорғаныс министрі отставкаға кеткен. Қазір оппозициялық Демократиялық партия Юнның өзінен де осыны талап етіп отыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУШЫЛАРДЫ ДРОННЫҢ КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАЙДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАНДА АЛИМЕНТТЕН ЖАЛТАРҒАНДАРДЫҢ ҚАРЫЗЫ 13 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Телеарна ХанТВ