Шымкентте Достық үйінде Тәуелсіздік – Бейбітшілік кепілі тақырыбында діни бірлестік басшыларының бас қосуы өтті. Бұл жиын қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікке бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.Шараға 12 конфессияны біріктіретін 33 дін өкілдері,ардагерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Олар елдегі ұлтаралық және дінаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті.
Жиын мақсаты діни бірлестіктердің жұмысын саралап,1 жылда өткізілген шараларды қорытындылау. Алдағы уақытта атқаратын нақты жұмыстары жайлы талқылау. Жалпы тәуелсіздіктің рухани және қоғамдық маңыздылығын түсіндіру болып табылады.Сондай-ақ дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев — «Шымкент дінаралық татулық пен бейбітшілік орнаған қала» ретінде үлгі бола алатынын айтты.
Тәуелсіздіктің баянды болуы тек саяси тұрақтылықта ғана емес, рухани келісімде екені анық. Діни бірлестік басшыларының сөздері бір мақсатқа – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және ұрпаққа бірлік пен бейбітшілік құндылықтарын аманат етуге бағытталды.
Жиын соңында барлық дін өкілдері көк туды желбіретіп әуезді әуен шырқады. Алдағы уақытта ортақ мақсат ел игілігі жолында бірлесе жұмыс істеуге ниеттестігін жеткізді. Бұл бейбітшілік пен келісім идеялары Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерінің басты тірегі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.