12.3 C
Shymkent
15 марта, 2026
aspan

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАҚЫТТЫ ӨМІР

Шымкентте №6 Қалалық емханасында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн науқаны» атты конференция өтті.Жиынға Республикалық «Әділ билер» қоғамдық бірлестігінің төреағасы Нұржан Датқабекұлы және «Әділ аналар» бірлестігінің төреайымы Мауия Жәңебілқызы қатысты.

Акцияның басты мақсаты-қоғам назарын гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне аудару.Алдын алу жолдарын талқылау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсете отырып бұл мәселенің түбегейлі шешімін табу болды.

Бұл науқан жыл сайын 25 қараша-халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні мен10 желтоқсан -адам құқықтары күні аралығында өтеді.Сондай-ақ конференция да зорлық-зомбылықтың күш көрсету,психологиялық,экономикалық сынды бірнеше түрі айтылып,оны шешу жолдары  талқыланды.

Қазақ халқы қыз баласына ерекше құрметпен қараған. Алайда соңғы кездері қоғамда зорлық-зомбылық көрген нәзік жандылар саны аз емес. Осындай  шаралар арқылы  зорлық-зомбылықтан жапа шеккендер өз мүмкіндіктері мен құқықтарын  білетін болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда “Метро”, Small, Toimart және тағы басқа ірі дүкендер негізсіз баға көтергені үшін жазаланды.

Телеарна ХанТВ

Қарағанды облысында ауыл дәрігерлері жаңа баспанаға ие болды

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БІР ТОП ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Телеарна ХанТВ