28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЖАҢА СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістанда жыл сайын жаңа спорт нысандарының саны көбейіп келеді. Олардың құрылысы жіті қадағалауға алынған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде болды. Облыс басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтап, жауапты тұлғаларға кешеннің ішкі дизайны бойынша тапсырмалар жүктеді.

Спорт кешені 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгідегі ғимаратта спорт және жаттығу залдары, 8 киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлмелер, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеті бар.Жалпы заманауи спорт кешеніне Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің ұжымы орналасады. Кешенде спорттық іс-шаралар мен бокс, күрес, таэквондо және ойын спорт түрлерінен оқу-жаттығу жиындары өткізілетін болады.Бұл ғимараттың жұмыстарына «Строй Сервис–7» ЖШС мамандары  жауапты. Сыйымдылығы 1000 адамнан тұратын спорт кешенінің алаңы – 1,8 гектар жерді құрайды.Түркістан облысының әкімі ДАРХАН САТЫБАЛДЫ — бой көтерген жаңа спорт  нысаны жақын күндері ашылады-деді.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

ЕРЛІКТІҢ НЫШАНЫНА АЙНАЛҒАН ЕСІМ: Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АЙРЫҚША БАСЫЛЫМ ЖАРЫҚ КӨРДІ

ЕРТЕҢ БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ АУЫСАМЫЗ! НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

admin