28.3 C
Shymkent
6 июня, 2025
aspan

72,5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлаған күдіктілер ұсталды. Полицияға “Транс Азия Констракшн” ЖШС директоры арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен.

Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тас жолында жүргізілуде, оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.Жетісу облысының полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында Алматы облысының тұрғындары болып шыққан үш күдікті анықталып, құрықталды. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер заңның орындалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асырылуына маңызды үлес қосты. Олардың жедел жұмысы өңірдің мыңдаған тұрғындарына табиғи газға қол жеткізуді қамтамасыз ететін газ құбыры құрылысының бұзылуын болдырмауға мүмкіндік берді. Құқық қорғау органдарының қызметінің арқасында адамдардың үйлеріне жылу мен жайлылық келеді, ал өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба мерзімінде іске асырылатын болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУҒАН ЖЕРІНЕН ӘСКЕРЛЕРДІҢ ШЫҒАРЫЛУЫНЫҢ 36-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТИНГ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ІСІ: ТЕРГЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Телеарна ХанТВ

Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар

Телеарна ХанТВ