aspan

ПАЛЕСТИНАЛЫҚТАР ГАЗА ҚАЛАСЫНА ОРАЛЫП ЖАТЫР

Газа секторында қақтығыстан қажыған тұрғындар солтүстік аймақтардан Газа қаласына қайта орала бастады. Олар үйінді қалдықтары мен қоқыстың ортасынан шатыр тігіп, тұрып жатыр. Бас амандығы үшін қайда барып бас сауғаласа да, тыныштық жоқ.

Ішерге ас, тұтынарға тамақ тапшы. Бұл маңдағы қайырымдылық асханасының 500 адамды ғана ыстық тамақпен қамтуға қауқары жетеді. Қалған мыңдаған тұрғын аш. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы аймаққа соңғы рет екі апта бұрын гуманитарлық көмек жөнелткен. Содан бері Газа секторы бірде-бір көмек жүгін қабылдаған жоқ. Жалпы Изриаль шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар саны 45 мыңға таяды.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Телеарна ХанТВ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 43 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ТҰРАН АУДАНЫ: БАЛАЛАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ

Телеарна ХанТВ