aspan

ТРАМП ХАМАС-ТАН ИЗРАИЛЬДІК ТҰТҚЫНДАРДЫ БОСАТУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Газа секторында ХАМАС тұтқынға алған израильдіктерді билікке келгенше босатпаса, қатаң жазаланатынын ескертті. Ол кепілдегілер қаңтардың 20-сына дейін жіберілу керек деп талап қойып отыр.

Бұл туралы саясаткер трут сойшл әлеуметтік желісінде жазды. Трамп аймақтағы мәселе қанша мәрте талқыланғанмен, нәтиже болмай тұрғанына қынжылатынын жеткізді. Өткен жылдың 7 қазанында ХАМАС қозғалысы Израильдің шекарадағы аймақтарын шабуылдап, 254 адамды тұтқынға алған еді. Израиль күштері әскери операция кезінде олардың 154-ін босатқан. Қалғандары әлі кепілде. «Бірақ олардың жартысы ғана тірі болуы мүмкін», – дейді Израиль билігі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ

БІЛІМГЕ БІЛІМСІЗ БАСШЫ КЕЛГЕН БЕ?!

Телеарна ХанТВ

«ОТБАСЫ БАНК» ПЕН «ПИОНЕР ГРУПП» ЖШС МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Телеарна ХанТВ