aspan

МАС ЖҮРГІЗУШІ ПОЛИЦИЯДАН ЖАСЫРЫНУҒА ТЫРЫСТЫ

Павлодарда мас жүргізуші полициядан қашуға тырысты, бірақ ұсталды. Павлодар полицейлері күн сайын мас күйінде көлік жүргізу фактілерінің алдын алып келеді. Олардың бірі Қамзин мен Циолковский көшелерінің қиылысында болды.

Полицияның назарын аудартқан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі тоқтау туралы талапты елемей, жылдамдығын арттырған. Расков көшесінде рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылып, қашуға тырысқанымен, ұсталды, – деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезілген. Медициналық куәландыру оның мас екенін растады. Нәтижесінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.Айта кетейік, биыл Павлодарда полицейлер 1331 мас күйінде көлік жүргізу фактісінің жолын кескен. Полиция барлық көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ 16 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚАҒЫП КЕТКЕН

Телеарна ХанТВ

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРДАН ОРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ SKILLS.ENBEK.KZ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ 3 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

Телеарна ХанТВ