Биыл Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 93 жыл толды. Айтулы мерекеге орай қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі тұлғаны еске алу кеші өтті. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, студенттер мен зиялы қауым өкілдері сондай-ақ Өзбекәлі Жәнібековтың көзін көрген немере-қарындасы Айғаным Абанқызы қатысты. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Жиын барысында Жәнібековтың қазақ мәдениетін сақтау мен дамытудағы елеулі еңбектері, оның этнография, тарих және ұлттық құндылықтарды жаңғырту саласындағы қайраткерлігі туралы баяндалды. Әдеби танымдық іс-шараға қатысушылар қайраткердің өмірі мен еңбек жолына тоқталып, Жәнібековтың атқарған қызметі мен жұмысын көпшілік оқырманға мәлім етті. Сондай-ақ шараға қатысушылар қайраткердің өмірлік позициясы мен ұлттық идеологияның негізін қалаудағы ой-пікір ұстанымдын айқындайтын деректі фильм тамашалады.
Қазаққа наурыз мерекесін қайтарып, Тайқазанды елге алып келген Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың ұрпақтары да маңызды кездесуге қатысты. Айғаным Серім ұлы тұлғаның көзін көрген немере қарындасы. Шара барысында Өз ағаңның еңбектері мен әдеби жолынан сыр шертіп, бірқатар маңызды ақпараттарды саралады.
Айта кетейік жиында қайраткердің көзін көрген үзеңгілес достары, тәжірибесі мен тәрбиесін алған қызметтестері, сондай-ақ мәдениет пен руханиат саласындағы жанашыр жандар да қатысып, көпшілік оқырманмен сұхбаттасты.