16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

  • Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асып жатқан және алда қолға алынатын жобалар туралы мағлұмат беріліп, жауапты басшылардың есептері тыңдалды. Өңір басшысы аудан, қала әкімдері мен Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына, «Түркістан» ӘКК басшылығына тиісті тапсырмалар берді.
  • Барлық аудан, қала әкімі ауыл шаруашылығына инвестиция тартып, өнімді терең өңдеуге басымдық беруі тиіс. Су үнемдеу технологиясын енгізу, жаңа тәсілдерді қолдану, егістікті әртараптандыру маңызды.Нақты жоспар, жүйелі жұмыс қажет, –облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.Сондай-ақ мәжілісте Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалды. Агроөнеркәсіп кешенінің әр саласы бойынша тартылатын инвестиция бойынша мағлұмат берілді.
  •  Ал биылғы 10 айда АӨК-те 30 жоба жүзеге асып, 237 жұмыс орны ашылды.Облыс әкімі жоспарлар қағаз жүзінде қалмай нақты іске асуы керектігін айтты. Аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде тапсырма берді. Жобалар әлі де жүйеленіп, тиісті жұмыстар атқарылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕҰУ ғылыми әзірлемелер мен идеяларды коммерцияландыру үшін гранттар тағайындады

Телеарна ХанТВ

БАЛАБАҚШАЛАР БАЛАЛАР ҮШІН КҮРЕСЕДІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛАР

Телеарна ХанТВ