aspan

ТАРАЗДА ЖОЛДА АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАҒАН КУӘЛІГІ ЖОҚ ЖҮРГІЗУШІ 3 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ .

  •  Облыс орталығы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жүргізушіні анықтады.
  • Мемлекеттік нөмірі тағылмаған «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігі Жамбыл даңғылы бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, екі жолақты сызықты кесіп өткені үшін тоқтатылмақ болған. Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып, бірнеше көшеде бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, жол ережелерін бұзуды жалғастырды.Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде тоқтатылған құқық бұзушының жүргізу куәлігі де жоқ екендігі анықталды. 19 жастағы ер адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің түрлі баптары бойынша 18 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, мамандандырылған сот шешімімен ол 3 тәулікке қамауға алынды.Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады және заң талаптарына бағынбау тиісті жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
  • https://youtu.be/eJlsXwgrRNU

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БЫЛЫҒЫ БІТЕР ЕМЕС

Телеарна ХанТВ

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі төрағасының есебі

Телеарна ХанТВ

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ ДЕРЕГІМЕН 140 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛІП, 11 ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ