aspan

ПОЛИЦИЯ ЗАҢСЫЗ КӨШІ-ҚОНМЕН АЙНАЛЫСҚАН АДАМДАР ТОБЫН ҰСТАДЫ

Түркістан облысында полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмеккөрсетумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты.Нақтырақ айтсақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге шекарадан өту үшін жалған сот қаулыларын берген 9 адамды ұстаған.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, барлық мән-жай анықталады. Сонымен қатар жоғарыда аталған жалған құжаттардың көмегімен ҚР шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылды. Жыл басынан бері «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қонысбаев» және басқа да шекаралық бекеттерде валютаны заңсыз айырбастаумен айналысатын адамдарға қатысты 40-тан астам тексеру жүргізіліп, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Қазіргі уақытта Түркістан облысының полицейлері кедендік саладағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ БҰРЫН БІРНЕШЕ РЕТ СОТТАЛҒАН ДЕСТРУКТИВТІ-ДІНИ АҒЫМ ЖАҚТАУШЫСЫН ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

ӘЙЕЛ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЖЕҢІС ШЕРУІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА

Телеарна ХанТВ

ОТ ЖИЛИЩНОГО СТРОИТЕЛЬСТВА ДО ПОВЫШЕНИЯ ПЕНСИЙ: КЛЮЧЕВЫЕ МЕРЫ СОЦИАЛЬНОЙ ПОДДЕРЖКИ ПРАВИТЕЛЬСТВА В 2024 ГОДУ

Телеарна ХанТВ