20.3 C
Shymkent
29 мая, 2026
aspan

ЖАСТАРTIMES: FACE OF TALANT 2024

Қазақтың қазыналы дәстүрлерін, қызға тән көркем мінез бен өнерді дәріптейтін ерекше байқау – Қыз сыны. Шымкент қаласында өткен бұл байқау талай дарынды жастың жұлдызын жақты. Сұлулық байқауы – ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын үлгісі. Осындай байқаулар арқылы қазақтың өнерлі, тәрбиелі, білімді жастары өсіп келеді.
 Бұл байқауда қатысушылар тек өнерімен ғана емес, білімділігімен, тәрбиесімен, ұлттық дәстүрге деген құрметімен ерекшеленді. Жеңімпаз атанған ару сахнада өзінің жан-жақты қабілеттерін көрсетіп, көптің ықыласына бөленді.
 Бұл жеңіс – ұзақ уақыттық еңбектің, үлкен жауапкершілік пен табандылықтың жемісі. Қызымыз өзінің ұлттық дәстүрлерді терең меңгергенін, алғырлығы мен өнерге деген сүйіспеншілігін дәлелдеді. Жеңістің артында үлкен қолдау мен жүйелі дайындық тұр. Байқауға қатысушыны дайындаған жетекшісі мен білім ордасының ұжымы осы жетістікке үлкен үлес қосты
ГҮЛІМ МУРАТАЛИ  ТІЛШІ.
https://youtu.be/iFGCl2_3kKU

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТУДЕ

Телеарна ХанТВ

«ӨМІР СЫЙЛА, ДОНОР БОЛ!»

Телеарна ХанТВ

БІРЛІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

Телеарна ХанТВ