22.3 C
Shymkent
4 октября, 2025
aspan

МАЛДЫ БАЙҚАМАУ — ЕНДІ МӘСЕЛЕ ЕМЕС


 Атырау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ірі қара малдарға жарыққа шағылысатын баулар тағу жұмыстары жүргізілді. Бұл шара Полиция департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Республикалық маңызы бар Доссор – Құлсары автомобиль жолының Мақат ауданындағы мал шаруашылығы қожалықтарына арнайы барған мамандар қыстақ иелеріне арнайы табыстады. Ірі қара малдардың мойындарына 300 жарық шағылысатын бау тағылды. Бұл баулар жолда түнгі уақытта көлік жүргізушілеріне малдардың барын алдын ала байқауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мамандар тарапынан шаруашылық иелеріне түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.Шараның мақсаты — малдардың жолға шығуының алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын төмендету болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ҚАЗАҚСТАН БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ»

Телеарна ХанТВ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 700-ГЕ ЖУЫҚ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ.

Телеарна ХанТВ

АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Телеарна ХанТВ