35.3 C
Shymkent
16 июля, 2025
aspan

ШАЙЫНДЫ СУЛАРДЫ ДИХАНДАР ПАЙДАЛАНУДА

Шымкентте Бөржар жинақтағыш-тазартылған сарқынды суды сақтауға арналған суқойма өз жұмысын жалғастыруда. Күзгі-қысқы мезгілдерде Вегетациялық кезеңнің басталуымен әзірленген кесте бойынша Ордабасы ауданының фермерлік қожалықтары үшін су жіберу басталады.

2022 жылдан бастап сарқынды суларды толық тазартуды қамтамасыз ету, Бөржар жинақтағышының акваториясындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары хлорелла микроорганизмін қолдана бастады.Шайынды суды тазарту мақсатында шетелден арнайы аппараттар мен құрылғылар алдырғанын да атап өтті.

Тазартылған ағынды сулар техникалық дақылдарды суару үшін қолданылады. 2024 жылы дихандар бұл суды 1000 гектардан астам астық егілген жерді  суару үшін пайдаланды.Сондай-ақ тазартылған ағынды сулар фермалар мен ауылшаруашылық кооперативтеріне ақысыз негізде берілуде.Алдағы уақытта фермерлер суармалы жерлердің көлемін ұлғайтып, оны 3500 гектарға жеткізуді жоспарлап отыр.

Осыған дейін шайынды су кешенінің жағымсыз иісі Ынтымақ,Достық шағын елді мекен тұрғындарына қолайсыздық тудырған.Мамандардың  сөзінше қазіргі заманғы биотехнологиялар мен микроорганизмдерді қолданылуы жағымсыз иістің жойылуына ықпал етті. Су қоймасындағы экологиялық жағдай өте қолайлы.-деді.

Су қоймасында ағынды суларды тазартуға үлес қосатын әртүрлі шаян тәрізділер және крестьян шабақ балықтары бар.Бұл бай азық-түлік базасына және ауылшаруашылығына  пайдалы.»Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімшілігі алдағы уақытта  Шымкент қаласындағы тазарту құрылыстары кешенінің жинақтағышы мен маңайындағы экологияны жақсарту бойынша жұмыс жүргізілетінін алға тартты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАҺАРМАНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ

В Шымкенте завершился первый этап Чемпионата Республики Казахстан по байге – Olimpbet

Телеарна ХанТВ

АКАДЕМИК АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӘЗ-НАУРЫЗ ТОЙЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ