Шымкентте қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен кассалық чектерді мемлекеттік тіл- қазақ тілінде шығаруын қамтамасыз ету мақсатында «Тіл тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы» атты семинар өтті.Шараға түрлі саладағы кәсіпкерлер, «Сервиз плюс» ЖШС-нің менеджерлері және Шымкент қалалық кірістер басқармасының басшысы қатысты.
Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік бөлім басшысы Гүланар Анарбекқызының сөзінше Қазақстан Республикасының тіл туралы заңының 21 бабына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл,өзге тілдер байланысу үшін қолданатын тіл болып бекітілген.Бүгінгі семинарымызда қаламыздағы ірі,шағын кәсіптермен айналысатын кәсіпкерлерімізді шақырып отырмыз.Бүгінгі мәселе фискалдық түбіртектерді қазақ тілінде басып шығаруды қолға алу мақсатында.-дейді.
Түбіртектерді,«фискалдық чектерді» қазақ тілінде басып шығаруға кедергі келтіретін себептерді анықтау және бұл проблемаларды тиімді шешу жолдарын қарастыру семинарды басты мақсаты. Қазіргі кезде дүкендер мен сауда орталықтартарында түбіртекті тек орыс тілінде басып шығарады. Бірақ Сервиз плюс мамандары бұл қате пікір екенін алға тартты.
Семинарға түрлі кәсіп иелері қатысты.Арнайы видеороликтер көрсетіліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ шара барысында тілді дамыту орталығы және Шымкент қалалық кірістер басқарма басшысы мамандары кәсіпкерлерге кассалық аппараттарын ауыстыру туралы тапсырма берді.Бұл рейд кезінде тексерілетінін ескертті.
Өз тіліңді өшірме,өшіргенді кешірме.Тілін, дінін өшірген жолығар бір кесірге.Бүгінгі семинардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы тіл туралы Заңы нормаларына сәйкес қызметті жүзеге асыруды және азаматтардың талабы бойынша қаладағы барлық кәсіпорындардың түбіртекті қазақ тілінде шығару бойынша жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде.