6.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
aspan

ӨЗІНДІК КІРІСТЕР МЕН САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін артыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды. Аталған саладағы мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаевтың айтуынша, Түркістан облысы бойынша жергілікті бюджеттің салықтық түсімдердің биылға бекітілген жоспары – 162 млрд. теңге. Ал 15 қарашада нақты түскені – 150,6 млрд. теңге. Жылдық жоспардың орындалуы 92,9%-ды құрап, 122,5% немесе 27,6 млрд. теңгеге өскен. Салықтық түсімдерге талдау жүргізу нәтижесінде 15 қарашадағы нақты түсім сомасы 150,6 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27,6 млрд. теңгеге өсіп отыр.

Аймақта корпоративтік табыс салығы бойынша 15.11.2024 жылға бекітілген жоспар 14,6 млрд. теңге болса, нақты түсім 15,4 млрд. теңгені құрап, жоспар 105,3% пайызға орындалды. Ал жеке табыс салығы бойынша жылға бекітілген жоспар 56,3 млрд. теңге болса, нақты түсім 51,6 млрд. теңгені құрап, жосапар 91,6% пайызға орындалды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,9 млрд. теңгеге артқан. 2024 жылға 11,8 млрд. теңгені құрайтын қосымша кіріс көздері болжамдалып, бүгінде 7,2 млрд. теңге өндірілген. Жыл соңына дейін 4,6 млрд өндіріледі деп күтілуде.

Related posts

Шымкентте елімізде баламасы жоқ ірі мешіт ашылады

Телеарна ХанТВ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БЫЛЫҒЫ БІТЕР ЕМЕС

Телеарна ХанТВ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ