aspan

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкентте  Білім басқармасының Алқа отырысы өтті. Жиында үш маңызды мәселе талқыланды. Отырысқа басқарма басшылары, білім беру мекемелерінің жетекшілері және сала мамандары мен кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде білім саласының 10 айда атқарылған жұмысы, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салаға қатысты мәселелер қаралды. Жиын барысында әр мәселе бойынша сараптамалық талдау жасалып, нақты ұсыныстар айтылды.

 Алғаш болып сөз алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы білім саласының маңыздылығына тоқталды.Сондай-ақ білім басқармасы басшысының у.м.а Гүлнар Тұрдыбайқызы білім саласының 2024 ж 10 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндады.Айтуынша қалада жалпы саны 1015 білім  беру ұйымы жұмыс істейді.Онда 423  508 тәрбиеленуші білім алуда. Ал,жалпы білім саласына қаралған қаржы 230 млрд 246,2 млн.тг құраған.

 Білім саласындағы өзекті мәселелер туралы Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Рыскелді Салхутдинұлы баяндама жасады. Ол білім беру сапасына жасалған мониторинг нәтижелерімен бөлісіп, мектептерде оқыту деңгейін жақсарту, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру және оқу орындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.Айта кетейік,мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдар аралығында күрделі жөндеуді қажет ететін  24 мектеп бар. Аталған мектептердің жобалық қуаттылығы 22 534 орынды құрайды. Ондағы білім алушылар саны — 36 166.Оның бүгінгі таңда 12 мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Қажетті қаржы көлемі 11 369,7 млн теңгені құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Related posts

ЖЕР СІЛКІНДІ

Телеарна ХанТВ

ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТІРУ КІМДЕРГЕ КЕРЕК БОЛДЫ?

admin