31.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ПОЛИЦИЯ 1 ТӘУЛІКТЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ 200 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАДЫ

Облыс орталығында полицейлердің ұйымдастыруымен еріктілер, мұғалімдер, БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтік-профилактикалық шара өткізілді. Сағат 22:00-ден кейін Түркістан қаласындағы кафе-барлар, ресторан, ойын клубтары түгелімен тексерілді. Нәтижесінде бірқатар жасөспірімдер анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың өздері мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Заңға сәйкес тиісті әкімшілік шара қолданылды.

Мәселен орталық көшелердің бірінде орналасқан ойын клубын тексеру кезінде, 6 жасөспірім анықталды. Жасөспірімдердің ата-аналары мен ойынхана әкімшілігінен түсініктеме алынды, хаттама толтырылды. Келесі бір көңіл көтеретін орыннан 17 жасар жасөспірімнің досымен қыдырып жүргені анықталды. Жалпы «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасының бірінші күні облыс полицейлері кәмелетке толмағандарға қатысты 200 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады.

Атап айтсақ, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 17 ата-ана жауапқа тартылды. Түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуына жол берген 8 ойын-сауық орындарының иелеріне шара көрілді. Қоғамдық орында мас халде жүрген 1 жасөспірім анықталды. Ал кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша 157 жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды. ІІО-ды профилактикалық есебіне құқық бұзушылыққа бейім 21 кәмелетке толмаған мен 10 қолайсыз отбасы алынды. Тәртіп сақшылары атқарған үздіксіз шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 айында облыста кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 6%-ға төмендеген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АТЛАНТ МҰХИТЫНДА СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТАН 6,5 ТОННА КОКАИН ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ЧЖАН СЯОНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ

Халықаралық олимпиадаларға Қазақстан атынан барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орынмен оралды

Телеарна ХанТВ