aspan

ПОЛИЦИЯ БІРНЕШЕ МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ БЕТІН АШТЫ

Қарағанды ​​облысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел түрде жергілікті тұрғындарға қомақты шығын келтірген мал ұрлығының үш фактісін ашты,. Жедел-іздестіру шаралары барысында 71 жастағы фермердің қорасынан 13 ірі қара малды ұрлады деген күдікпен 27 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.

Келтірілген шығын 4 миллион теңгені құрады. Ұсталғандар іс-әрекеттерін мойындады. Сот күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.Сонымен қатар полицейлер сол ауданда болған тағы екі қылмыстың бетін ашты. Олардың бірі 27 жастағы ер адам, ол 45 жастағы жергілікті тұрғынның 1,5 жастағы бұқасын ұрлағанын мойындады. Ұрланған мүлік тері және бес дорба ет түрінде ішінара тәркіленді. Тағы бір оқиға бойынша 59 жастағы ауыл тұрғынының жылқысын ұрлады деген күдікпен 24 жастағы жігіт анықталып, ұсталды. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Барлық дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері Қарағанды облысының аумағында мал ұрлығының 26 фактісі тіркеліп, оның 18-і ашылды. Полицейлер ұрланған 263 бастың 196-сын иелеріне қайтарды. ПД азаматтарға өз мүлкін қорғау үшін сақ болуды және кез келген күдікті әрекет туралы полицияға дереу хабарлауды ескертеді. Тәртіп сақшылары қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығына кепілдік береді және аймақ тұрғындарынан қырағылық танытуды сұрайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2024 ЖЫЛЫ SOS БАТЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ 143 ӨТІНІШ ТҮСКЕН: ПОЛИЦИЯ ӘРҚАШАН КӨМЕККЕ ДАЙЫН

Телеарна ХанТВ

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЛА ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ