14.3 C
Shymkent
16 ноября, 2025
aspan

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

 Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты», «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы»,салушы мердігер, аудан, қала әкімдіктерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Мәжіліс барысында автомобиль жолдары саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланды

Сондай-ақ авторлық, техникалық қадағалаушы мекемелер тарапынан туындайтын сұрақтар және облыстағы жол мамандарын қайта даярлаудан өткізу бойынша нақты мәліметтер берілді. Жиын барысында «Қазақстан жол Ғылыми Зерттеу Институты » Президенті Алибаева Арман баяндама жасап, өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып өтті.Мердігер мекемелердің және аудан, қала әкімдіктерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

 Айта кетсек жол жөндеу жұмыстарына жаңа технологияларды қолдану, сметалық құжаттамаларды әзірлеу кезінде нормативтік базаға енгізілуде.Мәжіліс барысында жол салушы мердігер компаниялар ,өзгерістер және карьерлердің бірыңғай электрондық базасын қалыптастыру бойынша жұмыстарының нәтижесін көрсетті.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕМҚОРЛАР ҰРЛАҒАН МҮЛІКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ МЕХАНИЗМІ ҚАНДАЙ?

Телеарна ХанТВ

КӨПІР МЕН ЖОЛДЫ СУ ШАЙЫП КЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ЕРІКТІ ЖАСТАР – ӘРҚАШАНДА БЕЛСЕНДІ

Телеарна ХанТВ