37.3 C
Shymkent
14 июля, 2025
aspan

«ҚАРАСОРА-2024» ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: 6 ТОННАҒА ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Жамбыл облысының географиялық ерекшелігіне байланысты «Қарасора-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілу барысына баса назар аударылды.Іс-шара заңсыз айналымға түсетін есірткі көлемін азайту мақсатында жыл сайын өткізіледі және бұл өз кезегінде шараның тиімділігін ұдайы дәлелдеуде.

  Шара барысында 28 жедел мобильдік топ құрылып, Полиция  департаментінің 100-ден астам қызметкері тартылды , 8 қызметтік-іздестіру иті, 5 жылжымалы мобильдік бекет жұмыс жасады. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар», Ұлттық ұланның «Бүркіт» күш-құралдары және ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшатын аппараттары аталған іс-шараға тартылды.1 маусым мен 30 қазан аралығында Шу алқабынан қарасора тасымалданатын 6 арнаның жолы кесілді.Басқа облыстардың полиция департаменттерімен бірлесе отырып, Шу алқабынан Астана және Ақтау қалаларына 80 келіден астам «марихуана» және 4 келі «гашиш» тасымалдайтын каналдың жолы кесілді.

Сондай-ақ полицейлер Алматы қаласынан облысымызға «синтетика» тасымалдайтын 2 ірі арнаны жауып, 2 келіден астам «синтетика» есірткісін тәркіледі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

admin

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА СХЕМАСЫ: ҰЛТТЫҚ БАНК ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Телеарна ХанТВ

«ӨМІР СЫЙЛА, ДОНОР БОЛ!»

Телеарна ХанТВ