aspan

ПОЛИЦИЯ КАЛЬЯН ТҰТЫНҒАН 82 ТҰРҒЫНҒА ШАРА ҚОЛДАНДЫ

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу заңына сәйкес рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында облыстағы аты шулы, көпшілікке танымал демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді.Сонымен қатар кальян тартқан бірнеше жас қыздарға полиция тарапынан шара көріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары кальян шегумен тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдті жалғастыруда.Нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 82 дерегін анықтап, жалпы 2,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды. Мәселен, танымал клубтың бірінде келушілерге ұсыну үшін кальян шеккен жас жігіт анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Полиция департаментінің қызметкерлері  заңмен тыйым салынған денсаулыққа зиян нәрседен бас тартып, тәртіпке бағынуға шақырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МАЛ ЖАЮ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУДЫҢ 100-ГЕ ЖУЫҚ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Саиров Серік Бияхметұлы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры болып тағайындалды

Телеарна ХанТВ

«ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА»

Телеарна ХанТВ