aspan

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Жыл сайын Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қаза тапқан күніне арнайы еске алу шараларын өткізеді. Дәстүр бойынша биылғы еске алу күні Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында гүл шоқтарын қоюдан басталды.Еске алу күніне  Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ғ. Байтасовтың туыстары, Жамбыл облысы мемлекеттік органдарының өкілдері, Ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Митинг қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.Биыл Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қаза болғанына 13 жыл толды. Оның ерлігі полиция қызметінің жоғарғы мақсаттарының көрінісі, барлық полиция қызметкерлері мен жас ұрпақ үшін жарқын үлгі болып қала береді. Ғазиз Байтасовты еске алу— заңға адалдық пен халыққа қызмет етудің символы ретінде қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады, — деп атап өтті Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.Сондай – ақ, бұл күні Тараз қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — батыр полицейдің әріптестері оның қайтыс болған жеріне гүл шоқтарын қойып, рухына құрмет көрсетті

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР, КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ЖӘНЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК

Телеарна ХанТВ

Түркістан облысында некеге тұрудың орташа жасы-22-ден 25 жасқа дейін

Телеарна ХанТВ

50 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТТЕРІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Редактор HAN TV