25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨШЕ БОЙЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ТАЗАРТЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданы аумағында да тазалық іс-шаралары өтуде. Бүгін Тұран-2 шағынауданының Омбы және №7 көше бойында тазалық жұмыстары атқарылды.

Тұран-2 шағынауданының жаңақұрылыс аумағында көпқабатты үйлер, жеке үйлер көптеп салынып жатыр. Сол себептен жолдың бойында құрылыс және  тұрмыстық қатты қалдықтар бар. Бүгінгі акция барысында көше бойы осы қалдықтардан тазарып, жалпы 100-ден астам жұмысшы және қосымша 9 техника тартылды

«Жасыл жер» мекемесінің қызметкерлері ирригациялық арықтарды, аяқжолдарды ретке келтірді. Сондай-ақ, аудан аумағында бүгін Шаяхметов, Назарбеков көшесінде де санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

  Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРТІЛДІ

Редактор HAN TV

КӨМІРГЕ ДЕГЕН СҰРАНЫС ЖЫЛЫНА 19 МЛН ТОННАДАН АСАДЫ

Редактор HAN TV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРЛАН ӘБДІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Редактор HAN TV