17.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

«ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Есірткісіз қала» атты жалпықалалық алдын-алу науқаны өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – жастар мен қала тұрғындары арасында есірткінің зияны туралы ақпарат таратып, салауатты өмір салтын насихаттау. Науқан аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жаднамалар таратылды.Іс-шараға колледж және университет студенттері, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен ерікті жастар  белсенді түрде қатысты.

 Қала әкімдігі мен полиция департаменті ұйымдастырған бұл науқан есірткіге қарсы күресті күшейтуге және оның алдын алуға бағытталған. Қала тұрғындары, әсіресе жастар есірткіге қарсы күресте бірігіп, салауатты болашақ үшін жауапкершілік алуға шақырылды. Науқан барысында сарапшылар мен мамандар есірткі қолданудың салдары және оны тоқтатудың жолдары туралы маңызды ақпарат берді. Жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын есірткі қылмыстарының бірі – көшелердегі граффити жазуларын салу. Ауқымды акцияға тартылған қатысушылар топқа бөлініп әрқайсысы өздерінің маршруттық карталарын алды. Онда топ мүшелері көшелердегі графитті жазуларды өшіріп есірткінің зияны туралы жаднамаларды таратты.

Бүгінде бір елді ғана емес, әлемді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұрғаны анық.Қоғам мен жастардың назарын есірткіге қарсы күрес мәселесіне аудару мен есірткіні заңсыз қолданудың,тасымалдаудың алдын алу сондай-ақ, жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру басты мақсатымыз ,дейді ұйымдастырушылар.

 Шарада сөз сөйлеген  полиция департаментінің қызметкері есірткімен күрес бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарға тоқталып,олардың нәтижесімен бөлісті. Мұндай іс-шаралар есірткі қылмысына қарсы күрестің маңызды бөлігі саналады, қаланың көрнекі келбетін жақсартуға, сондай-ақ жастарды теріс ықпалдан қорғауға көмектеседі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

admin

Тимур Елеусизов мәслихат сессиясында боғауыз сөз айтты: Алматыда депутат қалай жазаланды.

admin

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Телеарна ХанТВ