16.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ КӘСІПКЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сің  ұйымдастыруымен Еңбек күніне орай еліміздің тұрғын үй құрылысын дамытуға зор үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер Бекмұхамбет Жолановпен кездесу өтті. Іс-шараға 60-тан астам жастар қатысып кәсіпкердің тәжірибесі мен жетістіктері туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында Бекмұхамбет Жоланов тұрғын үй құрылысындағы жаңалықтар, инвестициялар және сапалы тұрғын үйдің маңызы жөнінде өз ойымен бөлісті. Оның еңбек жолы жастарға үлгі болып, еліміздің құрылыс саласына қосқан үлесі атап өтілді.

Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты өнімді еңбекті ынталандырып, жастар арасында түрлі мамандықтарды насихаттап және еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жастардың қызығушылығын арттыру. Сондай -ақ  жеке кәсібін бастауға ниетті жастардың кәсіпкермен кездесу барысында еркін пікір алмасып, ой өрісін дамытуға ықпал жасау дейді,ұйымдастырушылар.

Әуезді әнмен басталған жиын еркін форматта өтті.  Іс-шара қатысушылары кәсіпкердің еңбек жолынан шабыт алып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар Бекмұхамбет Жолановқа ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарында табыс тіледі.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

Жұмысшы мамандықтар жылы: Кәсіпкерлер палатасы мен бизнес ынтымақтастықты арттыруға әзір

Телеарна ХанТВ

КӨКЖӨТЕЛ КҮШЕЙДІ

Телеарна ХанТВ