29.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ТАБИҒИ АПАТТАРҒА ДАЙЫНДЫҚ: ТЖД ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері табиғи апаттарға дайындық шаралары аясында жол көлік колледжінде жер сілкінісінің алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өткізді. Мұндай шаралар төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуді үйретіп, қауіпсіздік шараларын пысықтауға мүмкіндік береді. Шара барысында эвакуациялау, алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдайға байланысты басқа да маңызды ережелер назарға алынды.

 Оқу-жаттығу барысында ТЖД қызметкерлері жер сілкінісі жағдайында қалай дұрыс әрекет ету керектігіне ерекше назар аударды. Оқу орда оқытушылары мен студенттерге қауіпсіз аймақтарға көшу, ғимараттардан эвакуациялану тәртібі, сондай-ақ, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері түсіндірілді. Шараға қатысушыларға арнайы техникалар мен жабдықтар көрсетіліп, төтенше жағдай кезінде құтқару жұмыстары қалай жүргізілетіні іс жүзінде көрсетті. Мамандарының айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар тұрғындарды қауіпсіздік мәдениетіне үйретіп қана қоймай, табиғи апаттар кезінде болатын қауіп-қатерлерге дайындықты күшейтеді.

Сондай-ақ, «Шұғыл құтқару жасағы» кинологиялық қызметімен ғимарат ішінде ес-түссіз  қалып қойған қалған азаматқа алғашқы көмек көрсету мақсаты жүргізілді.Бұл шара қала  тұрғындардың өз өмірлері мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды іс-шаралардың бірі саналады.

 Табиғи апаттар – алдын ала болжап болмайтын құбылыстардың бірі. Сондықтан осындай оқу-жаттығулар тек ТЖ қызметкерлерінің ғана емес, қарапайым тұрғындардың да дайындық деңгейін арттырып, апат салдарын азайтуға көмектеседі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ 8 НАУРЫЗҒА ОРАЙ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

ЕҢБЕГІН ПРЕЗИДЕНТ БАҒАЛАҒАН ҰСТАЗДЫҢ,  АУДАНДА АБЫРОЙЫ ЖОҚ ПА?!

Телеарна ХанТВ

КАФЕДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ: ПОЛИЦЕЙЛЕР АЗАМАТТАРДЫ ӨРТЕНІП ЖАТҚАН ҒИМАРАТТАН ҚАЛАЙ ЭВАКУАЦИЯЛАДЫ

Телеарна ХанТВ