aspan

АЭС-ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

Елде энергия көзін алудың бірқатар тетігі дамыған. Алайда, күн мен желден, болмаса судан алынатын электр энергиясы келешекте Қазақстанда жеткіліксіз болуы ықтимал. Сондықтан бұл мәселеден шығатын тағы бір жолы бар. Ол — атом электр станциясын салу. Бүгін қоғамдық штаб өкілдері Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенттерімен кездесіп, АЭС тің артықшылықтарын талқылады.

Электр энергиясын тұтынушылар саны жыл сайын 3 процентке артуда. Осылай жалғаса берсе, алдағы 10 жылда халық жарықсыз қалуы әбден мүмкін. Елімізде 200-ден астам электр энергиясын тарататын станция бар. Оның басым бөлігі ескірген. Электр тапшылығы әсіресе оңтүстік өңірде байқалуда. Салдарынан, энергия көзін көрші Ресей мемлекетінен алуға мәжбүр болып отырмыз. Сондықтан АЭС салу мүмкіндігі мол жалғыз шешім.

Қазақстанда АЭС салу туралы шешім экономикалық, экологиялық, әлеуметтік факторларды ескере, мамандардың сараланған сарапына өтуі тиіс. Соңғы уақытта елімізде қуат көзіне деген сұраныстың артуы, экономика, экологиялық тұрғысынан ел дамуына әсер етіп отыр. Демек, атом станциясы елдің энергетика қауіпсіздігінің негізгі шешімдерінің бірі болмақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НЕТАНЬЯХУҒА ҚАРСЫ ШЕРУ ПОЛИЦИЯМЕН ҚАҚТЫҒЫСҚА ҰЛАСТЫ

Телеарна ХанТВ

Студент жігіт 15 жастағы қызды бірнеше рет зорлаған 

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ