1.3 C
Shymkent
3 января, 2026
aspan

МЕКТЕП — БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН КЕМЕ!  

Жетісай ауданы Аманкелді атындағы № 19  жалпы білім беретін мектеп 2023-2024 оқу жылын жағымды жаңалықтармен қорытындылаған. Мәселен мектептің оқушылары мен ұстаздары облыстық, Республикалық түрлі олимпиадаларда жүлдегерлер қатарынан  көрініп, білім сапасы бойынша аудан мектептерінің ішінде ондықтың қатарына енген. Алдағы оқу жылында да  мектеп ұстаздары нәтижелі көрсеткіштерге жетеміз деп отыр.

Манатбек Сүндетқали  химия пәнінің мұғалімі.  Шәкірттері Республикалық пән олимпиадасының  жеңімпаздары. Елімізде алғаш рет өткен ауыл олимпиадасына дайындаған оқушысы күміс жүлдегер атаныпты

Назгүл Тұрысбек аталмыш мектептің 9 сынып  оқушысы. Мектепті үздік бағамен бітіріп,  мұалім болуды армандайды. Мектеп ұстаздарының  берері мол,  себебі сапалы білім мен саналы тәрбие беруде  ұстаздардың еңбегі ерен дейді.

Мектепте білімді де білікті ұстаздар шоғырланған. Оқушаларды білім нәрімен сусындатып қоймай, түрлі үйірмелерге  жұмылдыру жоғары жолға қойылған.

Айта кетейік бүгінде Аманкелді  мектебінде  600 ге жуық оқушы болса, оларға 70 тен астам ұстаздар дәріс береді.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Телеарна ХанТВ

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ДӘРІПТЕЛДІ

Телеарна ХанТВ

Құрметті жұмыскерлер мен жұмыс берушілер! «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз!

Телеарна ХанТВ