16.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шаһарда жылу беру маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде. Дегенмен бұл жұмысқа тұрғындар да жауапкершілікпен қарау керек дейді төтеншеліктер. Осы орайда Тұран аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары газдан уланудың және өрт қауіпсіздігінің алдын алу шарасына білек сыбана кірісті. Олар тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын күшейтен. Сала жауаптылары газ талдауыш қондырғыларын тексеріп, оны дұрыс орнату тәртібін қадағалады.

Бұл жолы төтеншеліктер тұран ауданына қарасты наурыз мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үйлерді аралады. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы жаднамалар таратты. Сондай-ақ кей үйлерге дабылқаққыш құрылғыларын орнатып, газ,плита қолдану кезіндегі сақтық шараларын түсіндірді. Тұрандықтар бұндай профилактикалық шара қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін маңызды деп есепейді.

Былтырғы жылмен салыстырғанда тұран ауданы бойынша газдан уландың 100-ге жуық оқиғасы тіркелген. Ал, осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында төтеншеліктер тұрғындарды сақтық шарасын сақтауға шақырады. Сондай-ақ газдан уланудың негізгі себептерінде атап өтті.

Биыл бұндай оқыс оқиғалардың алдын- алу үшін тыңғылықты дайындық пен тынымсыз түсіндірме жұмыстары қолға алынған. Сала мамандары қауіпсіздік қондырғыларының жұмыс жасау тәртібі мен дыбыстық дабыл кезіндегі әрекеттерін көрсетіп берді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР, КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ЖӘНЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК

Телеарна ХанТВ

АЭС САЛУ – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

Телеарна ХанТВ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Телеарна ХанТВ